Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыраны «Союз МС-29» ғарыш кемесін бортына салып сәтті ұшырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бортта «Роскосмос» ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина, сондай-ақ NASA астронавты Анил Менон бар. Жаңа экипаж орбитада барлығы 261 күн өткізеді.

Ресейлік бағдарламаға 38 ғылыми тәжірибе және екі ғарышқа шығу кіреді.