Байқоңырда 24 қазанда зымыран техникасын сынақтан өткізу кезінде қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғарыш айлағы күнтізбесінде зымыран ұшыруға дайындық пен ұшыру күндерінің арасында ерекше күн бар. Осы күні Байқоңырда қаза тапқандарды еске алып, үнсіздік орнайды, деп атап өтті «Роскосмос».
«Жыл сайын 24 қазанда мұнда зымыран техникасын сынау кезінде қаза тапқан инженерлердің, конструкторлардың және әскери қызметкерлердің рухына тағзым етіледі», – делінген хабарламада.
1960 жылғы 24 қазандағы трагедия
1960 жылы 24 қазанда Р-16 құрлықаралық баллистикалық зымыранын алғашқы сынақтан өткізу үшін ұшыруға дайындық кезінде зымыранның екінші сатысындағы қозғалтқыш рұқсатсыз іске қосылып, жарылыс болған. Олардың арасында Мемлекеттік комиссияның төрағасы, артиллерия маршалы Митрофан Неделин де болған.
1963 жылғы 24 қазандағы өрт
1963 жылы 24 қазанда Р-9А құрлықаралық баллистикалық зымыранының оқу макетімен жұмыс жүргізу кезінде шахталық ұшыру қондырғысында өрт шыққан. Қайғылы оқиға сегіз адамның өмірін қиды.
Мемориал
Бүгінде Байқоңырда Р-16 зымыранының бұрынғы ұшыру алаңы орналасқан жерде зымыран техникасын сынақтан өткізу кезінде қаза тапқандардың есімдері жазылған мемориал орнатылған.
