«Прогресс МС-36» ғарыш жүк кемесі Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Энергия корпорациясының мамандары ғарыш жүк кемесін Байқоңыр ғарыш айлағының техникалық кешенінде қабылдап, оны жұмыс үшін құрастыру және сынау қондырғысына орнатты», - делінген «Роскосмос» хабарламасында.
Ресей мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, ғарыш кемесі үш күнде теміржолмен 2500 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті. «Жүк вагоны амортизаторлық және климаттық бақылау жүйесімен жабдықталғанымен, мұндай ұзақ сапардан кейін барлық жабдықтың жұмысын тексеру қажет», - делінген хабарламада.
