Байқоңыр ғарыш айлағында жаңа «Прогресс МС-35» жүк тасымалдағыш ғарыш кемесін сынау басталды. Ғарыш кемесі Мәскеуден жеткізілгеннен кейін оның күн батареялары тексеріліп, борттық жүйелері сынақтан өтті, деп хабарлайды «Роскосмос». Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Радиотехникалық жабдықтар мен басқару аппараттарын сынау шілде айының соңына дейін жалғасады. Ғарыш кемесінің негізгі міндеті – Халықаралық ғарыш станциясына отын, су, азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен экипажға қажетті заттарды жеткізу.
Бұрын хабарланғандай, алғашқы ұшырудан кейін «Союз-5» зымыраны жаңғыртылып, 2027 жылдың жазында тағы екі зымыран шығарылып, ұшырылады.
