7 қыркүйекте Байқоңырда күздегі ең ауқымды шаралардың бірі – IX қалалық «Халықтар достығы!» фестивалі өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мерекелік шара сағат 18:00-де Байқоңыр қаласының орталық алаңында басталады. Мекемелер мен ұйымдар әртүрлі елдердің мәдени ерекшеліктерін таныстыратын ұлттық киімдегі шеруге қатысады.
Шеру барысында халықтардың биі, әні мен салт-дәстүрі көрсетіледі. Фестиваль аясында «Достық хороводы» өткізіліп, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ көрмелер мен шеберлік сабақтары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.
Кеш бағдарламасында қаладағы шығармашылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарлама да бар.
