Байқоңыр қаласында 6 адам атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғаны анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше, олар өз табыстарын жасыру арқылы мемлекеттік бюджеттен 2,6 млн теңге қаражат алған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 2 азаматтан мемлекеттік бюджетке 553 233 теңге өндірілді.

Қалған тұлғаларға қатысты артық төленген қаражатты өндіру мәселесі сот тәртібімен қаралып жатыр.

Еске салайық, биыл атаулы әлеуметтік көмекке 62 млрд теңге жұмсалады деп жоспарланған.