Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жанармай-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі жағдай талқыланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік төрағасы Марат Омаров аймақтық департаменттерге мұнай жеткізушілерінің, мұнай өнімдерін көтерме сатушыларының, сондай-ақ автомобильдерге жанармай құю станциялары мен газ құю станцияларының бағаларын бақылауды күшейтуді тапсырды.
«Егер бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу белгілері анықталса, департаменттерге тиісті монополияға қарсы шараларды қабылдау тапсырылды», - деп хабарлады агенттікте.
Сондай-ақ, агенттік бәсекелестік туралы заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.
