Жаңа адамдар жастар қозғалысы Республика күніне арнап патриоттық бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.
««Біздің әрқайсымыз — еліміздің бір бөлшегі. Бірі рингте күреседі, бірі сахнадан шабыт береді. Бірі сурет салады, бірі бейнеге түсіреді. Әркім өз ісімен айналысады — бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз. Республика күні — жай ғана күнтізбедегі күн емес. Бұл — оны құрып жатқан адамдардың күні. Бұл — біз, жауапкершілікті өз мойнымызға алып, әрекет етіп, өзгерістерді өзімізден бастауымыз. Ел — басқа бір жерде емес екенін түсіну. Ел деген — біз. Бұл мен. Мен — Қазақстанмын. Мерекеңмен, Қазақстан. Әр күн — біз өмір сүргіміз келетін ел үшін жасалған қадам болсын»,- деді жастар.»
—