«Бәйтерек» холдингінің инвестициялық және кредиттік портфелі 14,3 триллион теңгеге жетіп, 16,5 триллион теңгеге дейін артады деп болжанып отыр, бұл ретте жыл сайынғы таза пайда көлемі 400 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Холдингтің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин президентке баяндады, деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің төрағасы Рустам Қарагойшинді қабылдады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің қолдауымен 77,5 мың, соның ішінде кезекте тұрған 11,6 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

«Өткен жылы 77 ірі жоба мен шағын және орта бизнеске арналған 27,4 мың жоба қаржыландырылып, экспортқа тауар шығаратын 131 кәсіпкерге қолдау көрсетілді», - деді Қарағойшин.

Ауылшаруашылық тауарларын өндіретін 7,2 мың агроқұрылым көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 11,4 мың техниканы лизингке алды.

Басқарма төрағасының айтуынша жыл соңына дейін Инвестициялық кеңестің қарауына импортты алмастыруға, экспорт пен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 26 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету, ұзақмерзімді инвестиция тарту маңызды екенін атап өтіп, шағын және орта бизнесті қолдау тетігін күшейту жөнінде міндет жүктеді. Сонымен қатар азаматтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға айрықша назар аударды.