Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық әйел қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде, оның ішінде тиісті құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматтарының қаза болу мән-жайларына қатысты Әмірліктердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесіп жатыр.

БАӘ-нің құзыретті органдары оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі уақытта қосымша ақпарат жария етілмейді.

Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың отбасыларымен тұрақты байланыс бар екенін және өз құзыреті шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.