Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) әлеуметтік медиа платформаларын пайдалану үшін ең төменгі жас шегін 15 жас деп белгіледі және пайдаланушылардың жасын тексеруді міндеттеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа ережелерге сәйкес, әлеуметтік желілер 15 жасқа толмаған пайдаланушылардың тіркелуіне жол бермеуі керек. Компаниялар жас тексеруінің тиімді әдістерін енгізуге міндетті. Бұл шаралар балаларды онлайн қауіптерден қорғауға бағытталған.

БАӘ үкіметі бұл шешімді цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті арттыру және жасөспірімдерді зиянды контенттен қорғау қажеттілігімен түсіндірді. Жаңа талаптарды бұзған компанияларға айыппұл салынуы мүмкін.