Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандаған қалаларды атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, бір апта ішінде картоп (2,8%), қызанақ (2,4%), алма (1,9%), қияр (1,2%), тауық еті (0,1%), сәбіз, қаймақ және қара шай (0,2%) арзандаған.
Ал ұн, нан, жылқы еті, сүйекті сиыр еті, сондай-ақ пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүт бағасы өзгеріссіз қалған.
Қай қалаларда арзандады?
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандаған қалалар:
- 01Павлодарда – 0,4%;
- 02Алматы, Шымкент және Ақтауда – 0,2%;
- 03Қонаев пен Қостанайда – 0,1%.
Астана, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында баға өткен аптаның деңгейінде сақталған.
Орташа бағалар
Қазіргі уақытта республика бойынша қиярдың орташа бағасы 495 теңгені құрайды. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелген. Онда қиярдың бір килограмын 339 теңгеге сатып алуға болады.
Картоптың орташа бағасы – 275 теңге. Ал ең арзан картоп Түркістанда сатылады: бір килограмы 219 теңге.
І санаттағы жұмыртқаның ең төмен бағасы Оралда (475 теңге) және Қызылордада (477 теңге) тіркелген.
