Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және Жапониядағы рекордтық ыстық толқыны адамдар мен жануарларға ауыр әсер етуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сеулдегі бейсбол алаңында жанкүйерлер есінен танып құлады. Токиодағы хайуанаттар бағында арыстандар өлді. Бір әйел көлігінде пана іздеп, қайтыс болды. Дәрігерлер адамдарға күш-қуат үшін ит етін жеуге кеңес беруде.
Оңтүстік Кореяның көп бөлігінде сәрсенбіде ыстық толқыны туралы ескерту жарияланды. 20 миллион халқы бар Сеулде және оған жақын аймақтарда температура 39 градус Цельсийге (102,2 градус Фаренгейт) жетті.
Солтүстік Корея билігі көптеген аймақтарда ыстық толқыны туралы ескерту жариялап, адамдарды ыстыққа байланысты денсаулық проблемаларын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырды.
Жапонияның төтенше жағдайлар агенттігі 20-26 шілде аралығында 18 мыңнан астам адам ыстық соғу белгілерімен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Оңтүстік Кореяда мамыр айының ортасынан бері ыстыққа байланысты 2 220-ға жуық адам ауруханаға түсіп, 19 адам қайтыс болды.
