Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында үшінші алтын медальді жеңіп алды. Пара дзюдодан J2 санатында финалға шыққан Ибрагим Нұрмаханұлы Өзбекстан өкілін жеңіп, алтын медаль иегері атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Белдесу 70 келіге дейінгі салмақта өтті. Айта кетері, бұған дейін Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншілеген болатын.
Ал Давид Дегтярев жаңа рекорд орнатып, Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
