Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара велоспорттан екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлер арасында B класында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Осы жарыста Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский күміс медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында B класында өткен жеке уақытқа жарысуда қазақстандық А. Братчикова алтын медаль иеленді.

Айта кетерік, Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншілеген болатын. Ал Давид Дегтярев жаңа рекорд орнатып, Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Парадзюдошылар Ибрагим Нұрмаханұлы мен Бексұлтан Құлмұрза да топ жарды. Ал қазақстандық Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, шалқалап жүзуден алтын медаль жеңіп алды.