Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық қос спортшы джиу-джитсудан жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мерей Қабдуллаев — күміс жүлдегер
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 85 келідегі Мерей Қабдуллаев Азиаданың күміс жүлдесін алды. Ол алтын медаль үшін белдесуде Сауд Арабиясының өкілі Абдуллах Тариг Надамен күресіп, 0:7 есебімен жол берді.
Отандасымыз финалға дейін Батбайар Батсух (Моңғолия), Осама Набас (Иордания), Абдурахман Муртазалиевті (Қырғызстан) жеңген болатын.
Мариан Журавлева — қола жүлдегер
Ал Мариан Журавлева джиу-джитсудан Азиаданың қола жүлдесін алды. 63 келідегі Мариан Журавлева қола медаль үшін белдесуде Иордания спортшысы Майя Ишакатпен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті.
Бұған дейінгі жүлделер
Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Мерей Қабдуллаев (85 келі), Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және Сейілхан Болатбек (77 келі), Жібек Құлымбетова (48 келі) қола жүлде еншілеген болатын.
