Қазақстан баскетболшылары Азия ойындарының топтық кезеңінен шыға алмады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Азиада әлі ресми түрде ашылмаса да, баскетболдан топтық бәсекелер басталып кеткен болатын. Бүгінде плей-оффқа шыққан барлық команда анықталды.

Қазақстан құрамасы үйге қайтады. Қазақстандық баскетболшылар С тобында Қытай, Филиппин мен Бахрейнмен кездескен.

Қытай құрамасынан 61:99 есебімен ұтылса, филиппиндіктерге 78:109 есебімен жол берді. Ал шешуші ойында Бахрейнге (78:101) есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы барлық үш ойында жеңіліп, плей-оффқа өте алмады.

Айта кетері, Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы "Nagoya City Mizuho Park Athletic" стадионында өтеді. Ал жарыстар Аичи префектурасында қатар ұйымдастырылады.