Азия елдерінде денсаулыққа пайдалы өнімдерге және «жасыл» сегментке, соның ішінде органикалық тауарларға қызығушылық жоғары. Бұл туралы шығыстанушы Алексей Маслов Шығыс экономикалық форумы аясында берген сұхбатында айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Ресейдің Қытайға, Үндістанға және осы елдермен көршілес мемлекеттерге ұсынатын өнімдері бар. Шығыс елдерінде дұрыс әрі салауатты тамақтануға деген қызығушылықтың артуына байланысты табиғи өнімдер мен экологиялық таза косметикаға сұраныс жоғары болуы мүмкін.

Сонымен қатар сарапшы ресейлік IT-шешімдерге, оның ішінде бет-әлпетті тану жүйелеріне де Азия нарығында сұраныс артуы ықтимал екенін атап өтті.