Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алтын медаль иегерлері - Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков. Тубаев байдаркамен есуде 3400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанса, Төребеков 3400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келді.

Айта кетері, Азия чемпионаты Жапонияның Киото қаласында өтіп жатыр.