Қазақстандық спортшылар ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
77 келіге дейінгі салмақта Аянат Жұмағали қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104+133) келіні көтеріп, алтыннан алқа тақты.
Ал екінші және үшінші орынды өзбекстандық спортшылар Дильнура Холдорова (224 (101+123) келі) мен Дильноза Файзуллаева (223 (100+123) келі) иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алса, жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарған болатын.
Ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатыр.
