Аичи мен Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында бадминтон жарыстары жалғасуда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, аралас жұптық разрядта еліміздің намысын қорғаған Наргиза Рахметуллаева мен Махсут Таджибуллаев 1/16 финал кезеңінде сынға түсті.
Олардың қарсыластары Индонезия өкілдері Амри Сяхнави мен Нита Виолина Марва болды.
Кездесу индонезиялық жұптың пайдасына 0:2 есебімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық бадминтоншылар аралас жұптық разрядтағы бәсекеден тыс қалды.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Жарыс барысында бадминтоннан басқа да көптеген спорт түрлерінен медальдар сарапқа салынады.
Айта кетейік, Азия ойындары — төрт жылда бір өтетін континенттің ең ауқымды спорттық додасы. Биылғы жарыс Аичи мен Нагоя қалаларында ұйымдастырылып отыр.
