«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бүгінгі партия съезінде өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз өзгерістердің қарсы алдында тұрған жоқпыз, сол өзгерістердің ағынында жүрміз. Бірақ монополия оған кедергі болуы мүмкін. Ал монополияға қарсы ең жақсы ем - ол басшылықтың ауысып тұруы. Сол себепті жаңа идеялар мен импульстарды тежемеу үшін мен партия төрағасы лауазымынан бас тартуға шешім қабылдадым. Бұл шешімді дауласпай қабылдауларыңызды өтінемін», - деді ол.

Айта кетері, Перуашевтың партия төрағасы қызметін атқарғанына биыл 15 жыл толып отыр. Партия съезінде жаңа төраға болып Дания Еспаева сайланды.