1989 жылы 6 маусымда Тегерандағы Бехеште-Захра зиратында аятолла Рухолла Хомейнидің денесін алып шыққаннан кейін ирандық бір азамат есінен танып қалды. Жерлеу рәсімі мыңдаған адамның имамның денесін ұстауға тырысуынан кешіктірілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аятолла Хомейни 1989 жылы 3 маусымда қайтыс болғаннан кейін, оның жерлеуіне миллиондаған адам жиналды. 8 маусымда зират айналасына контейнерлер қойылып, қалың жұрт оның қабірінің айналасына топталды. 11 маусымда да мыңдаған адам қабірдің айналасына жиналып, Хомейнидің үлкен суреті бар баннердің айналасына топталды. Барлық суреттер AP фотографтары Грег Инглиш, Хериберт Проппер және Душан Вранич түсірген.
