Қазақстандық ауыр атлетші Аянат Жұмағали Азиада-2026 Азия ойындарында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде вице-чемпион атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 246 келі көтеріп, Қазақстан құрамасына ауыр атлетикадан турнирдің алғашқы медалін сыйлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмағалидің көрсеткіштері

Жұлқылау жаттығуында Жұмағали 109 келіні бағындырды, ал серпу жаттығуында 137 келі салмақтағы штанганы көтере алды. Осылайша оның қоссайыс қорытындысы 246 келіге жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Алтын медальді қытайлық Хэ Жэньсю жеңіп алды – 258 келі (118+140). Қола жүлдені Ираннан келген Рейхане Карими иеленді, ол қоссайыста 243 келі (107+136) жинады.

27 қыркүйек. Ауыр атлетика. 77 келіге дейін. Әйелдер:

  • 01🥇 Хэ Жэньсю (Қытай) – 258 келі (118+140)
  • 02🥈 Аянат Жұмағали (Қазақстан) – 246 келі (109+137)
  • 03🥉 Рейхане Карими (Иран) – 243 келі (107+136)

Нұрлыбекованың нәтижесі

Бұған дейін бүгін тұғырға Арай Нұрлыбекова шықты. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы жұлқылауда 98 келі, серпуде 118 келі көтерді. Қоссайыс қорытындысы 216 келі болып, оған жетінші орынды әперді.

Азиада-2026 туралы

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары ресми түрде 19 қыркүйекте ашылды. 45 елден келген спортшылар қатысатын жарыстарда 460 комплект награда сарапқа салынуда. Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының құрамында 35 спорт түрінен 558 спортшы өнер көрсетуде.

Азиада-2026 шолулары: 1-күн, 2-күн, 3-күн, 4-күн, 5-күн, 6-күн, 7-күн.