Астанада 6 шілдеде «Ауыл» партиясының кезектен тыс XXVI съезі өтіп, онда сайлауалды бағдарлама, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімі және саяси кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Съезд жұмысына Қазақстанның 20 өңірінен 200 адам қатысты. Делегаттардың 30,4%-і ауыл шаруашылығы саласының өкілдері болса, жалпы қатысқандардың 73,2%-і ерлер, 26,2%-і әйелдер.
Партияның хабарлауынша, Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттардың жалпы саны 69 адам. Оның ішінде мүгедектігі бар 6 адам бар. Үміткерлердің көпшілігі (56,5%) 35 пен 55 жас аралығындағы адамдар, ал 25 пен 35 жас аралығындағы үміткерлердің үлесі 14,5%.
Съезд делегаттары бірауыздан «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасын, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін және партияның саяси кеңесінің жаңа құрамын бекітті. Бағдарлама 4 негізгі аспектіден және өңірлерді дамытудың 7 бағытынан тұрады, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым және әлеуметтік саясат, білім және ғылым, экология және дәстүрлі отбасылық құндылықтар мәселелері қамтылған.
