«Ауыл» партиясы Құрылтайдың депутаттық мандаттарын иеленетін 10 кандидаттың тізімін бекітті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Партияның хабарламасында айтылғандай, жаңа құрамға агрономдар, ветеринария мамандары, ғалымдар, биотехнология саласының сарапшылары, сондай-ақ мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат және инклюзия саласының мамандары енді.
Партия Жарғысына сәйкес мына кандидаттардың тізімі бекітілді:
- 01Айтуғанов Қайрат
- 02Байманов Шахмардан
- 03Бегалиева Захира
- 04Егізбаев Серік
- 05Иргибаев Мұрат
- 06Каджибекова Ажар
- 07Киян Владимир
- 08Мұхаметов Алмас
- 09Райханова Динара
- 10Тоқсеитова Рабиға
Партияда хабарлағандай, депутаттар өңірлерді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым, әлеуметтік саясат, білім мен ғылым, отбасы мен жастарды қолдау және экология бағыттарындағы бастамаларды ілгерілетуге күш салады.
Сонымен қатар партия құрамды жаңарту және кадрлық әлеуетті күшейту жұмысын жалғастырады.
Еске салайық, 23 тамыздағы Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша «Ауыл» партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болды.
