Денсаулық сақтау министрлігі ауруханада тегін оңалту курсынан өту тәртібін түсіндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде көптеген пациент медициналық оңалтудың тек мамандандырылған орталықтарда ғана емес, тіркелген емханасында да өту болатынын біле бермейді. Медициналық оңалту қызметі тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі.

Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша пациенттер емдік дене шынықтыруды, физиотерапияны және басқа да оңалту әдістерін қамтитын қалпына келтіру емінен өте алады. Оңалту бағдарламасы әр пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына және жеке қажеттілігіне қарай әзірленеді.

Оңалту, әсіресе, инсульт, инфаркт, жарақат немесе операциядан кейін емдеуден кем түспейтін маңызды кезең болып саналады. Қазақстанда медициналық оңалту үш кезең бойынша жүзеге асырылады:

  • 01**1-кезең** – аурудың жедел кезеңінде (алғашқы 72 сағат ішінде), хирургиялық араласулар мен жарақаттар кезінде стационар деңгейінде жүргізіледі.
  • 02**2-кезең** – аурудан немесе жарақаттан кейінгі жедел және ерте қалпына келу кезеңінде (алғашқы 6 ай ішінде), сондай-ақ аурудың қалдық көріністері кезінде жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып стационарлық ұйымдарда жүзеге асырылады.
  • 03**3-кезең** – амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және санаторий-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.

Жетісу облысында мүгедектер үшін тұңғыш көшпелі оңалту жобасы іске қосылды (6 Наурыз 2025).