Ауқатты француз отбасылары мемлекеттік мектептерден балаларын алып кетуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік мектептер зейнетақы жүйесі мен қатаң үнемдеу шараларының салдарынан қаржылық қысымға ұшыраған. Осы жағдай ауқатты отбасылардың балаларын жеке мектептерге беруіне әкеліп соқтырды.

Агенттік атап өткендей, мемлекеттік білім беру жүйесіндегі қиындықтар Франциядағы әлеуметтік теңсіздікті одан әрі күшейтуде. Ауқатты отбасылардың кетуі мемлекеттік мектептердің жағдайын одан сайын нашарлата түсуі мүмкін.