Мьянма үкіметі бұрынғы көшбасшы Аун Сан Су Чжидің Қызыл Крест өкілімен кездескенін хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу туралы ресми мәлімдеме жасалды, бірақ кездесудің нақты уақыты мен орны туралы ақпарат берілмеді. Аун Сан Су Чжи 2021 жылғы әскери төңкерістен бері тұтқында болған.