Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райы құрғақ әрі жылы болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазгидромет» 3-5 қыркүйекке жасалған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, суық ауа массаларының әсері біртіндеп әлсіреуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта күн салқын болады.
Атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты ауа райы негізінен құрғақ болады. Солтүстік-шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Жел күшейеді.
Күндіз ауа температурасы: - батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте – +28…+33°С; - солтүстікте, шығыста және орталықта – +23…+30°С; - оңтүстік-шығыста – +20…+27°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – +10…+15°С.
