«Қазгидромет» 17 тамызға дабылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық 17 облысында ауа райы қолайсыз болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлытау және Қарағанды облыстары
Ұлытау облысында солтүстік және шығыста желдің екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді. Жезқазғанда күндіз жел 15 м/с-ке дейін күшейеді. Өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Батыс, шығыс және оңтүстікте өрт қаупінің төтенше деңгейі, солтүстік пен орталықта жоғары деңгейі сақталады. Қарағандыда күндіз жел 15 м/с-ке дейін күшейеді.
Астана және Ақмола облысы
Астанада күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Ақмола облысында түнде шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Батыс, солтүстік және шығыста жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Оңтүстік, шығыс және орталықта өрт қаупінің жоғары деңгейі, батыста төтенше деңгейі сақталады. Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы және Алматы облысы
Алматыда күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі. Іле Алатауының тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысында күндіз оңтүстік пен таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +35...+36°C-қа дейін көтеріледі. Батыс пен солтүстікте өрт қаупінің төтенше деңгейі, оңтүстік, шығыс және орталықта жоғары деңгейі сақталады. Қонаевта күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі. Өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Шымкент және Түркістан облысы
Шымкентте өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады. Түркістан облысында күндіз батыста шаңды дауыл соғады. Батыс пен таулы аудандарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістанда күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.
Абай, Атырау және Маңғыстау облыстары
Абай облысында солтүстік, шығыс және оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Облыста өрт қаупінің жоғары деңгейі, оңтүстік пен орталықта төтенше деңгейі сақталады. Өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Атырау облысында өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады. Атырауда да өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.
Маңғыстау облысында оңтүстік пен орталықта жел 15-18 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз оңтүстікте аптап ыстық болып, ауа температурасы +38°C-қа дейін көтеріледі. Облыста өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.
