Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, кей өңірде тұман түсіп, үсік жүреді. Республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде түнде үсік жүреді.

Күндіз күн райы біртіндеп жылынады. 1-2 қыркүйекте солтүстік және шығыста, республиканың орталығында түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді деп күтілуде.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман басады, деп болжануда, - дейді синоптиктер.

Елдің батысында ауа температурасы түнде +10 +18°C, күндіз +25+30°C-тан +28+33°C-қа дейін аздап көтеріледі.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 0,+5°C-тан, +2+7°C-қа дейін болады. Аймақтың батысында +10°C-қа дейін, күндіз +10+28°C-қа дейін көтеріледі.

Шығыста, елдің орталығында ауа температурасы түнде 0,+5°C, аймақтың оңтүстігінде +10°C болады. Кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады. Күндіз +12+25°C-тан +15+30°C-қа дейін көтеріледі.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде түнде +13+18°C көрсетеді. Таулы аудандарда +5+10°C-тан +10+15°C-қа дейін сынап бағанасы төмендейді. Күндіз +20+25°C жылы болады.

Астана

1 қыркүйек: таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +12+14°С.

2 қыркүйек жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С. 3 қыркүйекте де осындай ауа райы болады.

Алматы

1 қыркүйек: кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +21+23°С. Дәл осындай ауа райы 2-3 қыркүйекте де сақталады.

Шымкент

1 қыркүйекте күн ашық болады. Түнде ауа температурасы +16+18°С, күндіз +27+29°С. 2-3 қыркүйекте де осындай ауа райы сақталады.