Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылы болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында қалады. Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде салқын болады.
Күндізгі ауа температурасы
- 01Батыс, солтүстік және орталықта: +25...+33°С;
- 02Шығыста: +20...+25°С;
- 03Оңтүстікте: +28...+37°С;
- 04Оңтүстік-шығыста: +20...+30°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10...+20°С.
Ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Астана
5 қыркүйекте күн ашық. Түнде +8...+10°С, күндіз +27...+29°С.
6 қыркүйекте күн ашық. Түнде +10...+12°С, күндіз +28...+30°С.
7 қыркүйекте ауа райы осыған ұқсас болады.
Алматы
5 қыркүйекте күн ашық. Түнде +11...+13°С, күндіз +22...+24°С.
6 қыркүйекте күн ашық. Түнде +10...+12°С, күндіз +24...+26°С.
7 қыркүйекте жауын-шашын болмайды. Түнде +12...+14°С, күндіз +26...+28°С.
Шымкент
5 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +15...+17°С, күндіз +29...+31°С.
6 қыркүйекте түнде +16...+18°С, күндіз +31...+33°С.
7 қыркүйекте күн ашық. Түнде +18...+20°С, күндіз ауа температурасы +33...+35°С-қа дейін көтеріледі.
