Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. 4-6 шілде аралығында ел аумағында ауа райы қолайсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, үш күн бойы солтүстікте, 4 шілдеде солтүстік-батыста, 4-5 шілдеде оңтүстік-шығыста және орталықта, 5-6 шілдеде шығыста нөсер жауын жауады. Сонымен қатар республика бойынша қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, ал солтүстікте түнгі және таңғы уақыттарда тұман болады, - деп жазылған хабарламада.
Үш күннен кейін көптеген өңірде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. 5-6 шілдеде батыс және орталық аймақтарда күн 35-39°C-қа дейін, оңтүстік-батыста 40°C-қа дейін, солтүстік-батыста 35°C-қа дейін ысиды.
