Австралиялық тележурналист суға батып бара жатқан көліктен ер адамды құтқарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Квинсленд штатындағы Морэйфилдте болған. Australian Broadcasting Corporation (ABC) телеарнасының журналисі Уилл Мюррей сол жерде репортаж жасап жатқанда, көліктің оның жанынан өтіп, терең суға кіріп кеткенін көрген.

Мюррей мен кездейсоқ куәгер суға батып бара жатқан SUV көлігінің жүргізушісіне көмектесуге асыққан. Журналисттің айтуынша, көліктің өте жылдам батып бара жатқаны белгілі болғанда, «ойлануға уақыт болмаған», өйткені ер адам суға батып кетуі мүмкін еді.

«Секіріп кіріп, әрекет еткен дұрыс», — деді Мюррей BBC News-ке.

Құтқару операциясы сәтті аяқталып, жүргізуші аман қалды. Оқиғаның бейнежазбасын BBC News жариялады.