Австралиялық әйел Эрин Паттерсон өткен жылы үш туысын өлтіріп, тағы біреуін өлтіруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол құрамында өлімге әкелетін саңырауқұлақтар (death cap mushrooms) бар тамақ беріп, үш туысын өлтірген және тағы біреуін өлтіруге әрекет жасаған. Бірақ қазір ол сот шешіміне шағымдану үшін осы аптада қайта сотқа келді.

BBC-дің Австралиядағы тілшісі Кэти Уотсон істің мән-жайын қайта баяндап, Паттерсонның неліктен апелляцияға жүгінгенінің кейбір себептерін түсіндірді.

Іс Австралияның Виктория штатында болған. Паттерсонның апелляциялық шағымы қаралуда.