Электрлік Audi A6 Sportback e-tron performance бір зарядта 1338 км жүріп, Гиннесс рекордтар кітабына енді. Рульде раллиден Еуропа чемпионы Мико Марчик отырды, ал орташа энергия шығыны 100 км-ге 7,09 кВт·ч болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Рекордтық жүріс қалай өтті
Рекордтық жүріс 11 қыркүйекте түнгі сағат 1:55-те басталды. Марчик Висла бойымен Краков, Сандомир, Варшава, Торунь және Грудзендз арқылы Балтық теңізіне дейін жүріп, содан кейін сол маршрутпен қайта оралды.
Бұл ретте көлік қарапайым жолдарда жалпы ағынмен, оның ішінде қарбалас сағаттарда да қозғалды. Сапар барысындағы орташа температура 15 градус болды, ал таңертең ерте Грудзендзде 7 градусқа дейін төмендеді. Бүкіл сапар 45 сағаттан астам уақытқа созылып, 1338 км жолдан кейін Торунь мен Цехоцинек аралығында аяқталды.
WLTP және рекордтық нәтиже
WLTP циклі бойынша Audi A6 Sportback e-tron performance 777 км-ге дейін жүре алады. Рекордтық нәтижеге жету үшін Марчик біркелкі жылдамдады, жол жағдайын алдын ала бағалап, рекуперацияны барынша пайдаланды.
«Тіпті мен үшін 1338 километр нәтижесі жағымды тосын сый болды», — деді автожарысушы.
Сонымен қатар, сапар алдында шиналардағы қысым тексерілді: дұрыс мәндер домалау кедергісін азайтып, энергияны үнемдеуге көмектеседі.
Техникалық сипаттамалар
Audi A6 Sportback e-tron PPE платформасында құрастырылған және 800 вольттық архитектураны пайдаланады. Батареяның жалпы сыйымдылығы 100 кВт·ч, ал қолжетімді сыйымдылығы 94,9 кВт·ч. Рекуперацияның ең жоғары қуаты 220 кВт-қа жетеді, ал күнделікті жүрісте жүйе тежелулердің шамамен 95%-ын орындай алады.
Жоғары жылдамдықта аэродинамика әсіресе маңызды. WLTP циклінде Sportback энергия шығынының шамамен 40%-ы ауа кедергісіне келеді, ал модельдің Cd коэффициенті 0,21 құрайды. Сондықтан Audi A6 Sportback e-tron марка тарихындағы ең аэродинамикалық автомобиль болып саналады.
Бұған дейін Курсив Авто еуропалық Audi қытайлық AUDI электромобильдерінің сұр импортын бұғаттай бастағанын жазған болатын.
