Қазақстанда бір айда 4,5 мың адам шекара заңнамасын бұзды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде шекарада 4 560 заңнама бұзушы ұсталған. Оның ішінде 35 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталса, 38 шетелдік шекараны бұзып өтпек болған.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 612 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 0151 – есірткі заттары;
  • 02111 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана пневматикалық және 206 дана суық қарулары, 77 дана оқ-дәрілер);
  • 0326 – діни әдебиет (5 351 дана);
  • 04424 – жалпы сомасы 17 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 мың литрден астам);
  • 05835 – жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден асатын тұтыну тауарлары;
  • 06165 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 39 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

  • 0127 дана жүзу құралы;
  • 02жалпы ұзындығы 16,2 шақырым тор түрінде браконьерлік аулау құралдары;
  • 0312 дана (4,5 келі) бекіре тұқымдас балық;
  • 043 481 дана (9 723 келі) балық;
  • 0582 дана суда жүзетін тасбақа;
  • 0612 дана суда жүзетін құс;
  • 071 дана каспий итбалығы.

Алды алынған залал көлемі – 42,5 млн теңге.