Атыраудағы "Полиэтилен" жобасының құрылыс алаңына ірі көлемді жабдықтар жеткізілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚазМұнайГаз" компаниясының хабарлауынша, Silleno полиэтилен зауытының құрылыс алаңына пиролиз қондырғысына арналған ірі көлемді жабдықтардың жаңа партиясы жеткізілді.

Бұған дейін Қазақстанға теңіз жолымен ірі габаритті жабдықтың тоғыз бірлігі жеткізілді. Олар алдымен Маңғыстау облысындағы "Ерсай" портына түсіріліп, кейіннен арнайы көлік құралдарының көмегімен Атырау облысына тасымалданды.