Атырауда тұрғындар шағымданған сасық иіс пен лас ауаның себептері әлі де анықталып жатыр. Қыркүйек айының басында жекелеген мониторинг бекеттерінде күкіртсутектің жоғары концентрациясы тіркелген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Минэкология ластанудың негізгі көздерін атап, жоспардан тыс тексеру туралы мәлімдеді.
Министрлік қаладағы күкіртсутектің концентрациясы әлсіз жел кезінде және түнде, ластаушы заттар нашар тараған кезде артатынын түсіндірді.
Ластанудың негізгі көздері
Ластанудың негізгі көздері ретінде мыналар аталды:
- 01Атырау мұнай өңдеу зауыты (Атырау МӨЗ);
- 02«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның кәріз объектілері;
- 03«Квадрат» буландыру алаңы;
- 04жылыту қазандықтары мен ЖЭО.
8 қыркүйекте Атырау облысы бойынша экология департаменті атмосфералық ауаның сапасына жоспардан тыс тексеру бастады.
Мониторинг және мәлімдемелер
Ірі кәсіпорындарда автоматтандырылған мониторинг жүйелері орнатылған. Олар шығарындылар туралы деректерді қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстар туралы Ұлттық деректер банкіне жібереді.
«Үздік қолжетімді техникаларды, кәсіпорындардағы автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деп хабарлады Минэкологияда.
Ведомство сондай-ақ шығарындыларды қысқарту және жүйелерді жаңғырту жөніндегі шаралар туралы мәлімдеді.
Әкімнің тапсырмасы
Алдыңғы күні Атырау облысының әкімі Болат Ақчулаков шұғыл аппараттық кеңес өткізіп, мұнай астанасындағы экологиялық жағдай сын көтермейтінін ресми түрде мойындады. Өңір басшысы зауыттарды тексеруді тапсырды.
Бұған дейін «Курсив» Атырау МӨЗ-нің қаңтардағы шығарындылары үшін 520 млн теңге айыппұл салынып жазаланғаны туралы жазған болатын.
