Судья Зарема Хамидуллина 2025 жылдың 18 қыркүйегінде басталған екі айға жуық сот процесінен кейін үкімді жариялады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Бүгін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот айыпталушылар Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовке қатысты үкімін жариялады.

Сот шешімімен Қайыржанов пен Катимов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтарында көзделген аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.