Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылынан шыққан ерлі-зайыпты мен олардың 33 және 35 жастағы ересек балалары бір айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың айтуынша, барлық медициналық мекеме, соның ішінде жекеменшік клиникалар да тексеріліп жатыр.
««Із-түссіз жоғалған азаматтардың ұялы телефондары Қазақстан аумағында бірнеше рет қосылып-өшірілген, соңғы рет Шымкент қаласында тіркелген. Оларды іздеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, ішкі істер министрлігінің сарапшылары тартылған», – деді Құттыбай Садықов.»
—
Садықовтың сөзінше, екі немесе одан да көп адамның хабар-ошарсыз кетуі жағдайында қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қаралады.
Полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады, өйткені жалған мәліметтер тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.
