Атырауда полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған блогерлерді анықтады. Оқиға 16 маусымда сағат 11:30 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

37 жастағы жолаушы көлік қозғалысы кезінде терезеден сыртқа шығып, жолсерікке белгісіз сусын құйып берген. Осылайша ер адамдар әлеуметтік желілерге эффектілі видео түсіріп, аудиторияның назарын аудармақ болған. Алайда олар бұл әрекеттері үшін айыппұл алатынын ескермеген.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, блогерлер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция департаменті: «Жол жүру бөлігінде немесе көлік қозғалысы кезіндегі кез келген әрекет қауіпсіз болуы және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі керек. Әлеуметтік желілерге контент жасау жол қозғалысы ережелерін сақтаудан босатпайды», — деп атап өтті.

Бұған дейін «Курсив» Астанада екі қыздың шампанмен трендтік видео түсіргені үшін айыппұл алғанын жазған болатын. Ал бұған дейін елордалық полиция тұрғындарға ерекше өтінішпен: мерекелерді айналасындағыларға кедергі келтірмейтіндей етіп өткізуді сұраған.