Атырау қаласындағы Амандосов көшесі бойында автобус жол апатына түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 22 маусымда сағат 08:00 шамасында болған. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Yutong маркалы қоғамдық автокөлігінің тежегіш жүйесі істен шығып, жол жиегінде тоқтап тұрған Yutong маркалы қоғамдық автокөлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан 6 жолаушы зардап шекті. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Полиция жүргізушілерге көліктің техникалық жағдайына мұқият болып, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.