Атырауда жұбайын қызының көзінше өлтірген ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып – "Адам өлтіру".
Қайғылы оқиға биыл болған. Ер адам әйелімен жанжалдасып, 11 жерден пышақ салған. Жантүршігерлік жағдай олардың 12 жасар қызының көзінше болған. Әйел сол жерде қайтыс болды.
Прокурор сотталушыны 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы бұл әрекетке қызғаныштан барғанын, сотта шын өкінетінін айтты. Сот үкімімен әйелін өлтірген сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Марқұм әйел бастауыш сынып мұғалімі болған.
