Атырауда ер адам өзімен бірге тұратын әйелді пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 22 шілдеде болған, деп әлеуметтік желіде жазылды. Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмыс 3 жасар қыздың көз алдында болған. Бүлдіршін анасының мәйітінің жанында 1,5 тәулік жалғыз болған.
Араға төрт күн салып күдікті ұсталды. Атырау облысының полиция департаментінің мәліметінше, тұрмыстық жанжал кезінде әйелді өлтірді деген күдікпен онымен бірге тұрған 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы факті бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
