Атыраудағы сауда үйлерінің бірінде 21 жастағы жігіт әйелдер әжетханасына кіріп алған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 24 қазанда болған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда әйел адамның жігітті сұрақтың астына алып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ ер адамның әйелдер әжетханасында тұрғаны түсірілген.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 жастағы ер адам қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. «Қоғамдық орында болған ер адам айналасындағыларға құрметсіздік танытып, құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген», — дейді полицияда.
Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс сотта қаралғанға дейін ол әкімшілік қамаққа алынған адамдарға арналған арнайы бөлмеге қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
