Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімін қызметінен босатты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шапкенов Серік Жамбылұлы Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Серік Шапкенов 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін осы университетте бір жылға жуық сабақ берген.
Ол 2022 жылғы 7 сәуірден бастап әкім лауазымын атқарды. Бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған. 2021-2022 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істеген.
Сондай-ақ: Жаңа заң Қазақстандағы «іссапарлық» әкімдерге тосқауыл қойды.
Кеше Атырау және Ұлытау облыстарының мәслихат депутаттары 17 шілдеде жаңа әкімдерді сайлау үшін кезектен тыс сессияларға жиналатыны белгілі болды. Тиісті хабарландырулар облыстық мәслихаттардың ресми сайттарында жарияланды.
Бұған дейін «Курсив» әкімнің пафосты роликтері Сәтбаев тұрғындарын таңдандырмағанын жазған.
