Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
««13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің «102» арнасына Доссор кенті Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылғы аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оның 70 пайыз денесін күйік шалғаны анықталып, облыстық ауруханаға жеткізілді» — делінген хабарламада.»
—
Орын алған оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы белгісіз. Бейресми мәлімет бойынша, бұған отбасылық келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.
qazaqyia.kz/