Атырау облысында бір отбасының екі адамы Конго-Қырым індетін жұқтырды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау департаменті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Олардың бірі – Исатай ауданының тұрғыны. Ол 12 тамызда ауруханаға жатқызылды, диагноз зертханалық ПТР әдісімен расталды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа-тұрақты, оң динамика байқалады. Емдеу республикалық мамандардың бақылауымен жүргізілуде.

Екінші науқас 16 шілдеде медициналық мекемеге жатқызылған, қазір медициналық бақылауда. Оның жағдайы тұрақты, қажетті тексеру және профилактикалық емдеу жүргізілуде. Атырау денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациенттерге медициналық көмек клиникалық хаттамаларға және бейінді мамандардың ұсынымдарына сәйкес толық көлемде көрсетіледі.

Науқастармен байланыста болған адамдар тексерілді, олардан ауру белгілері анықталмаған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы және үй жануарларынан, анықтау аймағындағы кенелерден сынамалар алынды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері теріс. Обаға қарсы станция, ветеринариялық қызмет және жергілікті атқарушы орган Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін өткізді, оның ішінде акарицидтік өңдеу және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған адамда сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, отит, тромбофлебит пайда болуы мүмкін.